Басты бет / «Өзгемен емес - өзіңмен күрес» атты мотивациялық кездесу өткізілді
«Өзгемен емес - өзіңмен күрес» атты мотивациялық кездесу өткізілді

2024 жылдың 28 ақпанында «С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде», Тәрбие-әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменті және  «Active Life» Республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өзгемен емес  - өзіңмен күрес» атты мотивациялық кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты студенттердің өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту және өмірдің кез-келген құбылысын позитивті түсінуге баулу.

Кездесуге КАТЗУ Басқарма мүшесі – Студенттер ісі жөніндегі проректор Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы және «Active Life» Республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің  Басшысы  Искаков Арнур Кайнарбекұлы, Басшы орынбасары Абсалямов Манат Даулетбекұлымен сарапшы  Искакова Лаура Нығыметқызы қатысып, білім алушылармен әңгіме жүргізді.

Спикерлер кездесу барысында адам өмірінің мәні, денсаулық – зор байлық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, дұрыс жар таңдау мәселелеріне тоқталды.
Студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, кездесу соңында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.