Басты бет / «Ерлер денсаулығы- мықты отбасының кепілі» атты дәріс ұйымдастырылды
«Ерлер денсаулығы- мықты отбасының кепілі» атты дәріс ұйымдастырылды

17.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында №5 жатақхананың акт залында Астана қ. №5 емхананың уролог дәрігері Дүкенбай Ғани Есенқұлұлы «Ерлер денсаулығы-мықты отбасының кепілі» тақырыбында дәріс өткізді.

Дүкенбай Г. өз дәрісінде несеп-жыныс жүйесінің аурулары, оларды ерте анықтау мүмкіндігі және урологиялық көмекті уақытында қалай алу керектігі, ағзада болатын өзгерістерді уақытында білу маңызды екеніне тоқталды және де бүгінгі таңда репродуктивті денсаулық мәселелерін ашық қарау қажет, бұл саладан әр ер адам білімді болу өте пайдалы екенін айтты.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақ қойып, қажетті жауаптарын алды.