Басты бет / «Экономика» мамандығының магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті
«Экономика» мамандығының магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті

2020 жылдың 27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі «Менеджмент және агробизнес ұйымдастыру» кафедрасында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ-ның 7М041-Аграрлық сектор экономикасы» білім беру бағдарламасымен оқитын 1 - курс магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өту бағдарламасында университеттің қызметімен танысу, диссертация тақырыбы бойынша университет кітапханасының электронды базасының материалдарын пайдалану қамтылды. Білім алушылар "Агротехнологиялық хабқа", университет мұражайына барып, Қазақ-Жапон орталығының зертханаларына барды. Магистранттар Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты кітапханасының оқу залында жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді және толық көлемде орындалды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлығына атаулы сертификаттар табыс етілді.