Басты бет / ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қазақстан халқына жолдауы: алғашқы қорытындылар - ғылыми-тәжірибелік конференция
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қазақстан халқына жолдауы: алғашқы қорытындылар - ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Қазмедиа орталығында Еуразиялық интеграция институты ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қазақстан халқына жолдауы: алғашқы қорытындылар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, өткізді. Экономика кафедрасының оқытушылары аталған іс-шараға қатысты. Конференция Президент Жолдауын іске асырудың алғашқы нәтижелерін белсенді талқылау режимінде өтті. Ұлттық экономика министрі Р.Е.Дәленовтің, Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің, сондай-ақ ҰАҒБО басқарма төрағасы Т.С.Рахымбековтың есептері тыңдалды. Президент Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жолдауында айтылған негізгі міндеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша осы ведомстволардың қорытындысы шығарылды.

 

«Тұрақты әлеуметтік даму – мықты мемлекет» панельдік сессиясы шеңберінде экономика кафедрасының аға оқытушысы Раскалиев Тимур Хасанұлы баяндама жасады. Бұл шара Қазақстанда өтіп жатқан жастардың соңғы жылының маңызды іс-әрекеті болды.