Басты бет / «Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуды қалыптастырудың қажетті шарттары» - ғылыми семинар
«Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуды қалыптастырудың қажетті шарттары» - ғылыми семинар

2019 жылы 11 желтоқсанда Экономика кафедрасы «Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуды қалыптастырудың қажетті шарттары» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырып, өткізді. Аталған іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғалымдары қатысты. Бірінші баяндамашы э.ғ.к., Kazguu executive education директоры Наметша Асхат Сержанұлы болды. 

Экономика кафедрасының жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары өздерінің зерттеу тақырыптары бойынша баяндамалар жасады. Семинар барысында ғалымдар мен практиктер ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ агротехникалық университетінің түлегі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ маманы Әлібеков Жәнібек маңызды кеңестер берді. 3 курс докторанты Г.К. Маденова және аға оқытушы Т.Х. Раскалиев өте  маңызды сұрақтар қойды. Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті.