Басты бет / Жастар ғылымының апталығы - 2020
Жастар ғылымының апталығы - 2020

Жастар және ғылымының – табысқа бір қадам! Қазіргі әлемде жастардың қызығушылығы ғылыми зерттеулерді меңгеруге көбірек бағытталған және бұл қуантады. Жастар – заманауи әлемнің болашағы!

2-4 наурыз аралығында "Экономика" мамандығының 4 - курс студенттері Фатима Кинаш, Лязат Иебергенова, Айғаным Сағынбаева академик Қ.О. Оқаевты еске алуға арналған "Жастар ғылымының апталығы - 2020" халықаралық жастар форумына (Нархоз университеті, Алматы қ.) белсенді қатысты.

 

Форум аясында белгілі экономист, Экономикалық саясат институтының президенті Қ. Арыстанбековтың ашық дәрісі, белгілі бизнесмен, "Freedom Finance" компаниялар тобының негізін қалаушы Т. Турловтың шеберлік сабағы тыңдалды.

Біздің студенттер "Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік модернизациясы: негізгі бағыттары мен жүзеге асыру мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі" атты баяндама жасады. Секция жұмысының қорытындысы бойынша біздің білім алушылар 1 дәрежелі дипломмен және "Үздік зерттеу жұмысы" номинациясымен марапатталды.

 

Форумның екінші күні студенттер "Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, 1-ші орынға ие болды. Ұйымдастырушылар студенттердің жоғары дайындығын атап өтіп, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Қ. Күрішбаевқа және ғылыми жетекшілері: экономика кафедрасының меңгерушісі А.Б. Темироваға және аға оқытушы Г.К. Нарбаеваға алғыс білдірді.

Ұйымдастырушыларға "Жастар ғылымының апталығы - 2020" шарасын кәсіпқойлық деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз!