Басты бет / Қазақстанның аграрлық азық-түлік сауда саясатына шолу
Қазақстанның аграрлық азық-түлік сауда саясатына шолу

Экспорттық саясат, қолдау құралдары 

2020 жылғы 2 ақпанда  "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ- да  "Қазақстанның аграрлық азық-түлік сауда саясатына шолу: экспорттық саясат, қолдау құралдары" тақырыбында семинар өтті. Семинар "Экономика" кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Экономикалық факультеттің басқа бөлімшелерінің қызметкерлері де қатысты.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының сауда және интеграция Министрлігі жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директорының орынбасары Н. Н. Құлбатыров және біздің университеттің магистранттары  Бектурганов А.  сыртқы сауда, елдің экспорттық саясатының ерекшеліктері және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сауда белсенділігін қолдауда қолданылатын құралдар туралы баяндады. Екінші баяндамашы аграрлық азық-түлік өнімдерін сертификаттау және оған "Халал" стандартына сәйкестік белгісін беру саласындағы жағдайды ашты. 

Семинар жұмысына экономика факультетінің оқытушылары мен әртүрлі деңгейдегі білім алушылар белсенді қатысты. Сөз соңында спикерлерге түрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды. Қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.