Басты бет / «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс өтті
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс өтті

13.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында Астана қ. №4 қалалық емхананың аға фельдшері Мүфтілдаев Қанат Рахманбердіұлы мен Студенттік емхана дәрігерлері Манчурова Александра Владимировна және Тоқтасова Гүлназира Тілеуқабылқызы «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Медициналық көмекті  тек білікті дәрігерлер көрсететіні даусыз. Денгенмен  кез-келген адам  алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі керек.

Астана қ. №4 қалалық емхананың аға фельдшері Мүфтілдаев Қ.Р. Алғашқы медициналық көмек - бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені, екенін  ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді баяндап деп теориялық және практикалық дәрісін оқыды.

Студенттік емхана дәрігер Манчурова А.В.алғашқы медициналық көмек ережелерін, ал Тоқтасова Г.Т. зардап шегуші қан кету кезінде, улану кезінде, күйік шалған кезде, үсік шалған жағдайда, суға батқан және т.б. жағдайда қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керек екенін түсіндіріп берді.

Қатысушы білім алушылар мен оқытушылар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сұрақтарын қойып, арнайы дәрігер мамандардан толық жауап ала алды.