Басты бет / Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың халықаралық тәжірибесі
Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың халықаралық тәжірибесі

12 желтоқсан күні «Экономика» кафедрасының ПОҚ РФ, Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті өткізген «Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың халықаралық тәжірибесі» атты тақырыбындағы онлайн - семинарға қатысты.

Агроөнеркәсіптік кешен – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының негізгі секторларының бірі болып табылады. ЕАЭО елдері агроөнеркәсіптік нарықты қалыптастыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту үшін маңызды әлеуетке ие.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің негізгі көрсеткіштері ортақ аграрлық нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру және ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыру мақсатында бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдау қажеттігін негіздейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығаруды тежейтін проблемалық мәселелер ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларының ескірген техникалық материалдық базасы, өндірістің жоғары технологиялық құралдары мен ресурстардың импортына тәуелділік болып табылады.

Тауарлардың қауіпсіздігі, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау салаларында бірыңғай талаптарды қалыптастыруды қоса алғанда, тауарлар қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасы өсуінің және сыртқы жеткізілімдерді өздерінің бәсекеге қабілетті өнімімен алмастырудың тұрақты үрдісі байқалды. Аграрлық нарық ауқымының артуы аясында комиссияның белсенді қатысуымен ұлттық және өңірлік мамандану жетілдірілуде, капиталдың өзара енуі кеңейтілуде, трансшекаралық өндірістік кооперация дамуда, жоғары технологиялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері артуда. ЕАЭО кеңістігінде жер, энергетика және еңбек ресурстарының болуын ескерсек, онда табысты аграрлық бизнесті құру үшін инвестиция салудың көптеген мүмкіндіктері бар екеніне көз жеткіземіз .

Онлайн-семинар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың халықаралық тәжірибесі туралы қатысушылардың тұтас түсінігін қалыптастыруға және АӨК тәуекелдерін бағалау мен болжаудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар халықаралық нарықтардағы АӨК импорттық-экспорттық операцияларын қаржыландырудың негізгі нысандарын, агроөнеркәсіп кешенінің халықаралық нарығында импорттық-экспорттық операцияларды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді құру принциптерін, шетелдік инвестициялауды бағалау тәсілдерін, валюталық және саяси тәуекелдерді есепке алуды талқылады.