Басты бет / Қонақ дәрісі өткізілді, Талғат Қостайұлы Мұсаев  құттықтау сөз сөйледі
Қонақ дәрісі өткізілді, Талғат Қостайұлы Мұсаев  құттықтау сөз сөйледі

15 қараша-Ұлттық валюта күні! Экономика кафедрасы ұйымдастырумен қонақ дәрісі өткізілді.Дәрісті өткізушіменеджмент магистрі, геральдист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі орталық аппаратының мәдениет қызметкері Талғат Қостайұлы Мұсаев  құттықтау сөз сөйледі. Талғат Қостайұлы теңге Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап жұмыс істеп келе жатқанын, содан бері біздің экономикалық, қаржылық, кредиттік жүйелеріміз жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Теңге- Тәуелсіздіктің тірегіне айналды. Ұлттық валюта теңге- елдің қаржылық тәуелсіздігінің символы болып табылады. Тек өз валютасы нарықтық экономиканы құру үшін даму мен құрылымдық өзгерістердің жаңа деңгейін қамтамасыз ете алады.

Тәуелсіз экономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуді тек өз валютасы ғана қамтамасыз ете алады және нақты экономикалық егемендікке ие болады. Ұлттық валютаның дизайныТәуелсіздігіміздің барлық кезеңдерін, қоғамның әлеуметтік және мәдени процестерінің терең мәнін ,мәдени және тарихи мұраны бейнелейді. Бірінші сериядағы банкноттардың арқасында бүкіл әлем Абай, Шоқан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Құрманғазы, Әл-Фараби, сондай-ақ Қазақстанның қасиетті орындары-Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Оқжетпес таулары, Іле Алатауын таныды