Басты бет / Қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды
Қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Қоғамда «Жетім көрсең жебей жүр», «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген нақыл сөздеріне қарамастан бұл мәселенің күрделеніп бара жатқаны жасырын емес.Сол себепті жастардың бойында отбасылық құндылықтарды бағалау менқайырымдылық сезімін ұялату арқылы өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеуіміз керек. Басты мақсат, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға студенттердің назарын аудару еді. Осы бағытта экономика факультетінің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенді студенттері мен «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен "Жетім көрсең жебей жүр"  іс-шарасы аясында Астана қаласы  «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.  Бұл-шынайы қамқорлық шапағаты!