Басты бет / Туберкулездің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп
Туберкулездің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп

Жыл сайын 24 наурызда Дүние жүзілік туберкулез бен күрес күні өткізіледі.

Қазақ агротехникалық университетінде «Туберкулезге қарсы күрес күнін» дайындау және өткізу мақсатында университеттің медицина қызметкерлерімен іс-шаралар ұйымдастырылды: жатақханаларда туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша дәрістер өткізілді; туберкулез инфекциясы қалай пайда болады, олар аурудың қандай белгілерін біледі деген сұрақтарға студенттердің білімін анықтау мақсатында сауалнама толтырылды.Наурыз айында Нұр-сұлтан қаласының № 5 қалалық емханасы білім алушылар үшін университет аумағында жылжымалы флюоромашина ұйымдастырды,сондай ақ студенттік емхананың дәрігерлері шақырылды.

Шақырылған Т. Токташова мен У. А. Асанована учаскелік терапевтерінің2022 жылғы 10,11,14 наурыз күні агрономиялық корпустың акт залында студенттермен кездесулерді өткізудің мақсаты - туберкулезге қарсы жұмыс проблемаларына назар аудару; студенттердің ауру және оның алдын алу шаралары туралы ақпараттарын арттыру болды.

Білім алушыларға ағзаның тұрақтылығын арттыру; салауатты өмір салтын ұстануға тиімді тамақтану ұсынылды,осы қауіпті аурудың алдын алу үшін зиянды әдеттерден бас тарту, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, өз ағзасын шынықтыру ұсынылды.