Басты бет / Коронавирустық инфекция, ЖРВИ және ЖРЗ-ның алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар
Коронавирустық инфекция, ЖРВИ және ЖРЗ-ның алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулысының негізінде (20.10.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен) С. Сейфуллин атындағы "Қазақ агротехникалық университетінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шаралар кешені әзірленді.

Университет бактерицидті шамдар мен ауаны зарарсыздандыруға арналған рециркуляторларды, дезинфекциялық құралдарды, жуғыш заттарды, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын сатып алды.

Университеттің медицина қызметкерлері О. Б. Атангулова, С. А. Мұхамедьярова және студенттік емхананың учаскелік терапевтері коронавирустық инфекцияның, ЖРВИ мен ЖРЗ алдын алу бойынша онлайн-дәрістер өткізді :

- 2021 жылдың 12 қыркүйегінде ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің 03-083-21-08 тобының 1 курс студенттеріне;

- 2021 жылдың 8 қазанында техникалық факультеттің 06-081-19-01 тобында;

-2021 жылғы 9-11 қараша аралығында университет жатақханаларында тұратын студенттермен.

Ақпараттық стендтерде және университеттің ресми сайтында инфекцияның таралу жолдары және профилактика шаралары туралы ақпарат орналастырылған.

Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар кешеніне сәйкес университет пен жатақханаларда: күніне 2 рет ылғалды жинау, кабинеттерді желдету, үстіңгі қабаттарды, есік тұтқаларын дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.

Студенттік жатақханалар байланыссыз тепловизорлармен, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишаларымен, ақпараттық жадынамалармен қамтамасыз етілген.