Басты бет / «Қоғамдық ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі» семинар (8-10 ақпан 2023 жыл)
«Қоғамдық ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі» семинар (8-10 ақпан 2023 жыл)

Ағымдағы жылдың 8-10 ақпан аралығында ҚАТЗУ-да университет қызметкерлері мен білім алушылары үшін арнайы ұйымдастырылған «Қоғамдық ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е. Отарғалымұлының басшылығымен Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас мамандары И.С. Талап, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы ТЖБ    К.К. Махмет, Е.Т. Ерғалиевтің қатысуымен бірқатар практикалық семинарлар өтті.

Семинар төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндіргіш құрылғысымен жұмыс істеу және техникасымен танысуға, онымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Шынында да, өрт сөндірушілер келгенге дейін өрттің пайда болуының бастапқы кезеңінде өрт сөндіргішті қолданудың дұрыс әрекеттері өмір мен мүлікті сақтап, өрттің таралуын болдырмауы мүмкін.

Практикалық семинар барысында өрт сөндірушілер ҚАТЗУ білім алушылары мен қызметкерлеріне өрт сөндіргіш құрылғысын көрнекі түрде көрсетті, оларды дұрыс қолдану техникасын көрсетті.

Кездесу соңында қонақтар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

КАТИУ Ректоры аппаратының басшысы Жазықбаева Жазира Мейірханқызы қонақтарға өткізілген кездесу және қызықтырған мәселелерді түсіндіргені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 18-28 қазан аралығында ҚАТЗУ Инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету департаментінің бас менеджері М.Т. Ақже Оразалин 1 курс білім алушыларына «Техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар» тақырыбында дәріс өткізген болатын.