Басты бет / Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамыту үшін ауылшаруашылығы университеттері Консорциумы (КАСКАД) пресс-релизі
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамыту үшін ауылшаруашылығы университеттері Консорциумы (КАСКАД) пресс-релизі

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамыту үшін ауылшаруашылығы университеттері Консорциумы (КАСКАД) шеңберінде қатысушы оқу орындарының халықаралық рейтингісін көтеру үшін төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар күшейтілді: академиялық бедел, дәйексөз индексі, шетелдік студенттер мен шетелдік оқытушылардың үлесі, Экстеншн жүйесін дамыту және басқалар.

Интернационалдандыруды күшейту және QS әлемдік рейтингінде ҚАТУ рейтингін жоғарылату мақсатында ҚАТУ интернационалдандыру стратегиясына сәйкес (2019ж.), С.Сейфуллин атындағы КАТУ экономикалық факультетінің «Экономика» бағытындағы 07-506-18-02 тобының студенттері КАСКАД - Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауыл шаруашылығы университеттерінің Консорциумы шеңберінде виртуалды академиялық ұтқырлыққа қатысып жатыр. Жоба аясында студенттер КАСКАД серіктестерімен құрылған Халықаралық экономика және менеджмент мектебінде 15 пән бойынша онлайн режимінде оқиды.

2020 жылдың 02-07 қараша аралығында «Аграрлық сектор экономикасы» курсы бойынша Халықаралық экономика және менеджмент мектебінде сабақ өткізу үшін аграрлық саладағы тәжірибеге бағдарланған маман, Qaztrade «Сауда саясаты орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Құлбатыров Нұрлан Найзабекұлы шақырылды, виртуалды академиялық ұтқырлықты іске асыруға кафедра меңгерушісі Темирова Ақмарал Болатовна, доценттер Белоусова Элла Валерьевна, Булхаирова Жанна Сериковна, Мухамбетова Замира Сейдахметовна, Кунафина Гульжан Тохтаргазыновна белсенді қатысты. Курс әлемдік үрдістерді ескере отырып, 15 ЖОО (интернационалдық топтар) студенттері үшін әзірленген, келесі тақырыптарды қамтиды:

1) Орталық Азия мен Кавказ елдерінің аграрлық азық-түлік сауда саясаты

2) АӨК өнімдерінің экспорттық қоржынының сапасын бағалаудың әдістемелік тәсілдері

3) АӨК кәсіпорындарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі

4) АӨК өнімдерін жылжытуға арналған халықаралық платформалар

5) Тауарлардың сыртқы нарыққа қол жетімділігін талдау: кедергілер классификациясы және талдау.

Курсты іске асыру барысында 15 ЖОО-дан білім алушыларға өз елдерінің аграрлық азық-түлік сауда саясатының дамуына экономикалық талдау жүргізуге, аграрлық өндіріс үшін таңдалған елдің депрессиялық (қолайлылығы төмен) өңірлерін айқындауға; таңдалған елдің аграрлық азық-түлік сауда саясатына SWOT талдау жүргізуге, посткеңестік кеңістік елдеріндегі ауыл шаруашылығы саудасының дамуының негізгі үрдістері туралы білуге мүмкіндік берілді. Практикалық сабақтар барысында студенттер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өз елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бағасын, олардың елдерінің Орталық Азия мен Кавказ елдері арасындағы азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша әлем елдері рейтингіндегі орнын зерттеді.

Халықаралық топтар жобаларды ұсынды, онда АӨК өнімдерін жылжытуға арналған халықаралық платформалар, олардың елдерінің АӨК өнімдерін жылжытуға арналған платформалары қаралды және олардың мемлекетінің халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жылжытудағы рөлі анықталды.

Білім алушылар оқытушылардың креативті құзыреттілігін атап өтті, бұл студенттердің танымдық қызметі мен мінез-құлқына, командалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, жемісті ғылыми және оқу ақпаратын игеруге әсер етті.

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ (КАСКАД) елдерін дамыту үшін ауыл шаруашылығы университеттері Консорциумының 2020 жылға арналған жұмыс Жоспарына сәйкес консорциумның құрылғанына 10 жыл толуына арналған КАСКАД 1-ші халықаралық конференцияға қатысу жоспарлануда, консорциумының халықаралық сараптамалық тобына қатысу үшін жұмыс берушілер өкілдерінің біліктілігін арттыруды өткізу, жұмыс берушілердің QS мәртебесін бағалауды жүргізу үшін жаңа білім мен инновациялық технологиялар трансферті жүзеге асырылады, ТМД елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі.