Басты бет / «Сәулет», «Биотехнология», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауының 2-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау
«Сәулет», «Биотехнология», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауының 2-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы ҒжЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынанкейінгі білім департаментінің 2023 жылдың 13 наурыздағы№06-2/83-вн хатына сәйкес, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ (бұдан әрі - Университет) 2023 жылы «Сәулет», «Биотехнология», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары бойынша студенттердің жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауын өткізу үшін базалық ЖОО болып табылады.

Осыған байланысты Университет 2023 жылдың 3 сәуірінен 5 мамырға дейін байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың 2-ші кезеңі басталғаны туралы хабарлайды.

Байқауға қатысу үшін жұмыстар "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерiнiң ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ұсынымдар" талаптарына сәйкес қабылданады.

Байқау жұмыстарын келесі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз:

- қағаз жүзінде: 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» АҚ («Республикалық ғылыми-зерттеу байқауы үшін» белгісімен).

Байланыс телефоны: +77023324929, e-mail: kucharev@mail.ru