Басты бет / Наурыз мейрамына арналған концерт өтті
Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

21.03.22 күні Дамса ауылдық округінде  Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өткізілді. Ғылыми орталықтың ашық алаңына Дамса ауылының тұрғындары жиналып түрлі спорттық ойындармен мерекені көркемдеді. Қой көтеру, арқан тарту сияқты ұлтық ойындарына қазақ, орыс басқа да ұлт өкілдері  білек сыбана қатысты. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты.  Шығармашылық дамыту орталығының  «Шаттық» би ансамблі, «НұрАРТ» вокал үйірмесінің студенттері және мереке жүргізушісі  «Ақжелкен» студенттік театрының қатысушысы Ж.Қабасоваға Дамса ауылдық округінің әкімі Абдрахманова Гүлнар Жеңісқызы ауыл тұрғындары атынан  алғысын білдірді.