Басты бет / «Сәкен әндері - Сарыарқаның қазынасы» атты ән байқауы өтті
«Сәкен әндері - Сарыарқаның қазынасы» атты ән байқауы өтті

24.02.22 күні  «Сәкен әндері -  Сарыарқаның қазынасы» атты ән байқауы  өтті. Сайыс  қазақ әдебиетіне жаңа түр, мазмұнмен байытқан, қоғамдық оймен әдеби- мәдени тарихымызда ерекше орын алатын күрескер тұлға С. Сейфуллиннің әндерін қазіргі жастарға кеңінен насихаттау ретінде өткізілді.

Сайыста «Шекара қызметі» әскери ансамблі солисі  Аубакиров Қайсар;

Жастар саясаты  департаментінің директоры  Адлет Ахметов;

Шығармашылық дамыту орталығының директоры Думан Умаров;

Шығармашылық дамыту орталығының  «НұрАРТ»  вокал үйірмесінің  жетекшісі Нұрлыбек Төлепберген төрелік етті.

Әділ қазылар алқасы шешімі бойынша  1-ші  орынды Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің студенті  Мұратбек Ақкиік;                           

2-ші орынды  Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің студенті Дильназ Қапсиқова, Экономикалық факультеті студенті Нұрлашев Жәнібек;

3-ші орынды Агрономиялық факультетінің студенті  Әміралиева Гүлнұр иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік орындаушы»  номинациясымен Энергетикалық факультетінің студенті  Әлі Тоқтар;

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен  Техникалық факультеті студенті Дәрібаев Ғалымжан;

«Батыр жүректі әнші»  номинациясымен Орман шаруашылығы  жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті студенті  Сағынған Шерхан  марапатталды.

Сайысқа белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсеткен барша қатысушылар мен  қолдау білдірген факультет декандарының орынбасарларына, студенттердің кураторларына алғыс білдіреміз.