Басты бет / Ардагерлер мен Сейфуллин университеті студенттері арасында шахматтан турнир өтті
Ардагерлер мен Сейфуллин университеті студенттері арасында шахматтан турнир өтті

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Астана қаласы ардагерлері мен университет студенттері арасында шахматтан турнир өтті.

Іс-шараның мақсаты – студент-жастардың шахматқа деген қызығушылығын оятып, шеберліктерін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тақта тартысына 10-нан аса ардагер қатысты. Олар сайысқа ерекше ықыласпен келіп, тартысты ойынның озық үлгісін көрсетті. Студенттер де өз деңгейінде ерекше ойын өрнегін көрсетіп, аға буыннан тәжірибе алды.

Нәтижесінде, 4:3 есебімен ардагерлер құрамы жеңіске жетті. Аға буын өкілдері тартысты ойын ұйымдастырғаны үшін университет басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.