Басты бет / «Ұлттық ойындар – денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарыс өтті
«Ұлттық ойындар – денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарыс өтті

2023 жылдың 7 маусымында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіндегі фан-клубтар арасында «Ұлттық ойындар – денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарыс өтті. Іс-шара барысында командалар «Бәйге», «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Қол күрес», «Арқан тартыс» сынды ойын түрлері бойынша кім мықтыны анықтады.

Эстафетаның мақсаты ұлттық ойындарды ұлықтау, тарихын жандандыру, ұлттық құндылықтарын қадірлеу, патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Іс-шара соңында жеңіске жеткен командалар анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.