Басты бет / Үздік жатақхана сайысы өткізілді
Үздік жатақхана сайысы өткізілді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2022 жылдың 7-11 қарашасы аралығында жатақханааралық «Үздік жатақхана» сайысы өткізілді. Сайысқа №8,7,6,5 жатақханалары қатысты. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты:

-студент жастардың өзін-өзі басқару бағытындағы белсенділігін қалыптастыру;

- ұжымдық бірлікті қалыптыастыру;

- өз жатақханасына деген сүйіспеншілікті арттыру;

- студенттердің жауапкершілігін арттыру.  

Университетіміздің студенттері тұратын жатақханалар арасында «Ең үздік жатақхананы» анықтау мақсатында өткізілген бұл сайыста:

«Ең үздік жатақхана» номинациясында:

- I орынды № 7 жатақхана;

- II орынды № 6 жатақхана;

- III орынды № 8 жатақханалары жеңіп алды.

«Үздік қабат» номинациясында:

- I орынды  № 7 жатақхананың  5 қабаты;

- II орынды № 6 жатақхананың  3 қабаты;

- III орынды № 8 жатақхананың 6 қабаты иеленді.

«Үздік бөлме» номинациясында:

- I орынды №7 жатақхананың   225 бөлмесі;

- II орынды № 6 жатақхананың  419 бөлмесі;  

- III орынды  № 8  жатақхананың   914 бөлмесі  иеленді.

Сонымен қатар «Үздік бөлме» номинациясында:

№7 жатақхананың  510 бөлмесі және 531 бөлмесі тұрғындары.

№ 6 жатақхана 324 бөлмесі;

№5 жатақхана 419 бөлмесі иеленді.

Сайысты өткізу барысында комиссия мүшелері әр жатақханаларға кіріп, төмендегі талаптар бойынша тексеру жүргізді.