Басты бет / «Отбасылық құндылықтар мен мәселелер» тақырыбындағы дәріс өткізілді
«Отбасылық құндылықтар мен мәселелер» тақырыбындағы дәріс өткізілді

2023 жылдың 17 мамырында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Отбасылық табысты орталығы» Қоғамдық қорының бас маманы, халықаралық дәрежедегі психолог, гендерлік және отбасылық мәселелер, халықтың қатысуын арттыру техникасын қолдану бойынша жаттықтырушы – сарапшы Бақытгүл Тулитаеваның қатысуымен «Отбасылық құндылықтар мен мәселелер» тақырыбындағы дәріс өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында «Лудомания», жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша баяндама оқылып, жаман әдеттен арылу үшін тиісті ұсыныстар айтылды.

Аталған дәрістің мақсаты – студенттерді адамгершілік-рухани дамытуда отбасының тәрбие мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы отбасы құндылықтарының рөлін насихаттау.

Дәріс барысында Бақытгүл Ерғалиқызы адам өміріндегі отбасы тәрбиесінің маңызы жайлы баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталды. Кездесуде студенттер бірқатар қосымша сұрақ қойып, нақты  жауап алды.