Басты бет / «Техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар» тақырыбында дәріс өткізілді
«Техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар» тақырыбында дәріс өткізілді

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ (ҚазАТУ) Инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету жөніндегі департаментінің бас менеджері М.Т. Оразалин 2022 жылдың 18-28 қазан аралығында «Техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар» тақырыбында 1-ші курс білім алушыларына дәріс өткізді. 

Дәрісте М.Т. Оразалин өрттің шығу себептері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және өрт болған кезде мінез-құлық ережелері, эвакуация тәртібі туралы айтып берді.

Дәріс жеке қауіпсіздігі туралы болғандықтан қызығушылық танытқан қатысушы білім алушылар саны көп болды, соңында білім алушылар бірқатар қосымша сұрақтар қойып, нақты  жауаптар алды.