Басты бет / Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді
Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді

Ағымдығы жылдың 3-6 сәуір аралығында жатақхана студенттеріне техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар бойынша дәріс өткізілді.

Аталған дәрістің мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен қатар жатақхана студенттеріне тұрмыстық техникаларды қолдану ережелерін түсіндіру.

Дәріс барысында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (ҚазАТЗУ) Инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету жөніндегі департаментінің бас менеджері М.Т. Оразалин өрттің шығу себептері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және өрт болған кезде эвакуация тәртібі жайын баяндады.

Іс-шараға №5 жатақханадан 50, №7 жатақханадан 72, №8 жатақханадан 80-ге жуық студент қатысты. Дәрісте студенттер бірқатар қосымша сұрақтар қойып, нақты  жауаптар алды.