Басты бет / Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді
Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 06-17 қараша аралығында білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлерге техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар бойынша дәріс өткізілді.

Дәрістің мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен қатар жатақхана студенттеріне тұрмыстық техникаларды қолдану ережелерін түсіндіру.

Дәріс барысында Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Махмет Қасиет Қуандықұлы және Астана қ. ТЖД аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Полатов Ербағлан Еркінұлы өрттің шығу себептері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және өрт болған кезде эвакуация тәртібі жайын баяндады.

Іс-шарада барлық факультет студенттері толықтай қамтылды. Сондай-ақ, қосымша сұрақтар қойып, нақты  жауаптар алды.