Басты бет / Студенттердің құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді
Студенттердің құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді

2022 жылдың ақпан-наурызы аралығында Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова студенттік жатақханаларда тұратын ер балалармен әңгіме жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттердің құқықтық жауапкершілігін қалыптастыру.  

Ж.А.Құсайынова жастарға құқықтық жауапкершілік, оны сақтаудың маңызы, университеттің ішкі тәртібі, студенттің мәдениеті, этикет нормалары, сонымен қатар, жатақханадағы материалдық құндылықтарға ұқыптылықпен қараудың қажеттілігін түсіндірді.  

Аталған іс-шара барысында 925 ер бала қамтылды. Студент-жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, әлеуметтік мәселелерін айтып, еркін пікір-алмасуға мүмкіндік алды.