Басты бет / Сейфуллин оқулары - 15: біздің кафедраның жетістіктері
Сейфуллин оқулары - 15: біздің кафедраның жетістіктері

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары - 15: Жастар, ғылым, технологиялар - жаңа идеялар мен перспективалар» 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары - 15: Жастар, ғылым, технологиялар - жаңа идеялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.Бұл конференция студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және зерттеушілердің жұмыстарын қарастыру үшін диалог алаңына айналды.Конференция 18 секцияда келесі ғылыми бағыттар бойынша өткізілді: С.Сейфуллиннің Қазақстанның қоғамдық-саяси және философиялық және мәдени өміріндегі тарихи мұрасы; Білім, ғылым және өндірістегі сандық технологиялар; Басым бағыттардың дамуы мен болашағы - өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, агрохимия және органикалық ауылшаруашылық саласындағы инновациялық жетістіктер; Кәсіби және тілдік құзыреттілік - бәсекеге қабілетті маман негізі; Шығармашылық экономика; Стандарттау - отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстан экономикасын әлемге стандарттау әдістерімен интеграциялау құралы ретінде.Секциялардағы жұмыс зерттеулердің басым бағыттары бойынша пікір алмасуға; жас ғалымдардың жеке ғылыми нәтижелерін ұсыну; инновацияны, зияткерлік қабілеттерін дамыту; жастар арасында ғылымды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

Шығармашылық экономика» секциясына «Экономика» кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Э.ғ.к., аға оқытушы Сагинова Б. К. «ҚР индустриялық-инновациялық даму мәселелері»; магистр, аға оқытушы Раскалиев Т.Х. «Инновационное развитие молочной отрасли Казахстана: проблемы и перспективы»; магистрант Лузгин Д. «Особенности рынка рапса».  Жетекшісі Темірова А.Б.; магистрант Кадри Х. «Solution of  grain export issues and development of  transport  and logistics system in the Northern region of Kazakhstan».  Жетекшісі Агумбаева А. Е.; 4 курс студенттері: Иебергенова Л., «Әлеуметтік кәсіпкерлік: тәжірибе және даму мәселері» және Кинаш Ф. «Етті мал шаруашылығындағы инновациялық үдеріс және ресурстық факторлардың  оған ықпалы». Жетекшілері Нарбаева Г. К. және Маденова К.М. баянда жасады.

Конференция қорытындысы бойынша магистрант Д.Лузгин 3 дәрежелі дипломмен, Кадри Х., Л.Иебергенова мен Ф. Кинаш студенттері алғыс хаттармен марапатталды.