Басты бет / «MSU-де (USA) пәннің оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбына семинар
«MSU-де (USA) пәннің оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбына семинар

«Экономика» факультетінің 60 жылдық мерей тойы аясында 2023 жылдың 24 наурызында «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Г. К. Нарбаева «MSU-де (USA) пәннің оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбына семинар өткізді. 

Г.К. Нарбаева АҚШ-тағы жоғары білімнің ерекшеліктері және Мичиган мемлекеттік университетіндегі пәннің оқу бағдарламасының (силлабус) мазмұнына қойылатын талаптарға тоқталды. («Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясындағы тағылымдама қорытындысы бойынша).