Басты бет / «Кеудесі ағалардың алтын сандық» атты кітаптың таныстырылымы өтті
«Кеудесі ағалардың алтын сандық» атты кітаптың таныстырылымы өтті

2023 жылдың 4 мамырында қазақ журналистикасының майталманы, телевизия тарланы, көсемсөзші, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қажы Қорғанұлының «Кеудесі ағалардың алтын сандық» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің» студенттер ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Құсайынова қатысып, авторды жаңа кітаптың тұсаукесерімен құттықтады.

Таныстырылым барысында Қажы Қорғанұлы рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі кітапқа деген қызығушылықты ояту мен кітап оқуды насихаттау екендігін айтты. Сонымен қатар іс-шарада студенттер тарапынан бірқатар сұрақ қойылып, толыққанды жауап берілді.