Басты бет / «Ғаламтордағы алаяқтық» тақырыбында кездесу өтті
«Ғаламтордағы алаяқтық» тақырыбында кездесу өтті

2023 жылдың 23 мамырында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Сарыарқа» аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Қуаныш Шерназаров және ІІД қызметкері, полиция капитаны Динара Атинованың қатысуымен «Ғаламтордағы алаяқтық» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың құйтұрқы әдіс-тәсілдері жайында баяндап, айтылған мәселелердің алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қуаныш Берікұлы ғаламтордағы алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналғанын айтты. Ол интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстардан сақ болуға шақырды.

Аталған жиында студенттер тарапынан бірқатар көкейкесті сұрақ қойылып, толыққанды жауап берілді.