Басты бет / Жатақханадағы қыз балалармен кездесу өтті
Жатақханадағы қыз балалармен кездесу өтті

2022 жылдың  наурыз және сәуір айларында Қазақ агротехникалық университетінің жатақханаларында Нұр-сұлтан қаласының №5 қалалық емханасының  акушер-гинеколог дәрігері Т. Баркаеваның  "Қыз балаларды гигиеналық және рухани мәдениетке  тәрбиелеу" тақырыбында жатақханада тұратын студент қыздармен кездесуі өтті.  

Дәрігер кездесу барысында қыз балаларға  дене гигиенасы, киім-кешек сонымеен бірге ерте кезеңдерде әртүрлі жыныстық ауруларды анықтау үшін,  уақтылы медициналық тексеруден өтудің  маңыздылығына назар аударды. Әңгімелесу барысында жыныстық жолмен берілетін аурулардың негізгі тізбесі, сондай-ақ берілу жолдары мен қыз балаларға жыныстық аурудың зардабы түсіндірілді.

Әңгіме соңында Гүлмайра Төребекқызы аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді.