Басты бет / Әлеуметтік санаттағы білім алушылармен кездесу өтті
Әлеуметтік санаттағы білім алушылармен кездесу өтті

2023 жылдың 19 сәуірі күні Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен әлеуметтік санаттағы білім алушылармен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: жастарға өмірдің құндылығын түсіндіріп, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

Кездесуде кіріспе сөзді Басқарма мүшесі, – Студенттік іс жөніндегі проректор Ж. А. Құсайынова алып, болашақ маман ретінде өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу жолындағы талаптар ретін түсіндірді. Сонымен қатар «Лудомания», жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардан келетін қауіп үлкен екендігін жеткізді.

Іс-шарада қоғамда үйлесімді өмір сүруге, позитивті ойлауға, жақсы көңіл-күйде қалу және жағымсыз эмоциялардан арылуға байланысты ақпараттар айтылды. Нәтижесінде жастар өз ойларын ортаға салып, қатарластарымен пікір алмасты.