Басты бет / №6 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіпті түсіндіру бойынша кездесу өтті
№6 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіпті түсіндіру бойынша кездесу өтті

2022 жылдың 4 қазаны күні Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова №6 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіп бойынша әңгіме жүргізді. Түсіндіру жұмысының мақсаты – студенттердің құқықтық жауапкершілігін арттыру, тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Түсіндіру жұмысы барысында білім алушыларға ішкі тәртіпті сақтаудың маңызы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, құқықтық сауаттылыққа әрбір азаматтың мән беру керектігі айтылды. Жалпы, жатақхана бойынша 60 студентпен алдын алу жұмысы жүргізілді.