Басты бет / «ҚазАТУ – СҰЛТАНЫ 2022» байқауы өтті
«ҚазАТУ – СҰЛТАНЫ 2022» байқауы өтті

22.02.22 күні   «ҚазАТУ – сұлтаны 2022» байқауы  өтті.

Сайыста Нұрсұлтан  қаласы  Жастар театрының актеры  Жанұзақ Асланбек, Елордамызда ашылған жаңа театр Қанаттылар театрының жетекшісі Арнұр Искаков, Жастар саясаты департаментінің директоры Адлет Ахметов, Жастар саясаты  департаментінің менеджері Мадина Шолықбаева Шығармашылық дамыту орталығының «Ақжелкен»студенттік театры жетекшісі Нұрфат Вахитов төрелік етті  

«ҚазАТУ сұлтаны» сайысы 3  кезеңнен тұрды

1. «Жүйріктің де жүйрігі бар, қазанаты бір бөлек,

Жігіттің де жігіті бар, азаматы бір бөлек» деген тақырыпта таныстыру кезеңіне,

2. «Шебердің қолы ортақ деген атпен өнер көрсету сайысынан,

3. «Күш атасын танымас» деген тақырыпта  кір тасын көтеру сайысы.

Әділ қазылар алқасы шешімі бойынша  «ҚазАТУ сұлтаны» атанып, 1-ші  орынды Агрономия факультетінің студенті  Әлжан Жанетхан; 2-ші орынды Жер ресурстарын басқару және дизайн факультетінің студенті Милахат Тоқтар және Техникалық  факультетінің студенті Ануар Ерасыл;    3-ші орынды Экономикалық факультетінің студенті Мансур Иманғали иеленді.

Сонымен қатар, «Ынталы жігіт» номинациясымен Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің студенті  Мұқанғали Айсұлтан;

«Өнерлі жігіт» номинациясымен Орман шарушылығы  Жабайы табиғат және Қоршаған орта факультетінің студенті  Тұяқ Жанбек;

«Білікті жігіт» номинациясымен Энергетикалық факультетінің студенті  Сәулетай  Жеңіс;

«Тапқыр жігіт» номинациясымен Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің студенті Ерғалиев Әбілхайыр марапатталды.

Сайысқа белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсеткен барша қатысушылар мен  қолдау білдірген факультет декандарына, кураторларға алғыс білдіреміз.