Басты бет / Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық әндер байқауы өтті
Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық әндер байқауы өтті

18.05.22 күні «Отан отбасынан басталады» атты факультетаралық  патриоттық әндер  байқауы өткізілді.

Сайыс мақсаты- жас ұрпақты отан сүйгіштікке және өз елін, жерін қадірлеуге  тәрбиелеу. Сонымен қатар патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармаларды насихаттау болып табылады.

Әділқазылар алқасы  құрамында кәсіби әнші, «Өрлеу» тобының жетекшісі- Жалғас Сұлтан, «НұрАРТ» вокал үйірмесінің жетекшісі- Нұрлыбек Төлепберген, ШДО-ның дыбыс режиссері- Бауыржан Ахмалыұлы, «Шабыт» ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі- Гаухар Сармантаева, ШДО директоры Думан Умаров болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, ерекше өнерімен көзге түсіп,  Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 2 курс студенті Хабсихова   Дильназ  «Ана туралы баллада» әнімен  1-орынды иеленді.

Агрономиялық факультетінен 1-курс студенті Тоғабыл Сымбат «Жеңіс күні» әнін орындап, 2-орынды иеленді.

Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 3-курс студенті Қабдымажит Ержан «День победы» әнін шырқап, 2-орын алды.

3-орындарды Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің 1-курс студенті Ақатай Орынгүл «Әлия» әнімен және

Техникалық факультетінің 2-курс студенті Темірхан Ғалымжан «Әлия» әнімен,

Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 1-курс студенті Темірхан Құдайберген  «Егемен Қазақстан» әнімен жеңіп алды.  

Қатысушылар Басқарма төрағасының атынан арнайы дипломдармен марапатталды.