Басты бет / ЖИТС – «ХХІ ғасырдың трагедиясы», «Жаман әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері» атты дәрістер өтті
ЖИТС – «ХХІ ғасырдың трагедиясы», «Жаман әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері» атты дәрістер өтті

16.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)-инфекцияларының алдын алу орталығының маманы Турымова Ажар  ЖИТС – «ХХІ ғасырдың трагедиясы», «Жаман әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс басталған сәтте қатысушыларға АИТВ-инфекциясы бойынша олардың білім деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Маманы келесі сұрақтарды атап өтті: АИТВ және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) ұғымы, берілу жолдары, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білім алушылардың хабардарлығын арттыру, денсаулықты сақтауға, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа мотивацияны қалыптастыру және өзін қалай қорғауға болады, анонимді тексеруден өтуге болатынын, сондай-ақ қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында қатысушылардан №5 қалалық емхананың СӨС дәрігері М. Ш. Дүйсен және медбике М. А. Салыкова ағзада АИТВ-инфекциясының бар-жоғын анықтайтын жедел тест алды.