Университетте студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларын дамыту және өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.
Студенттерге ұйымдастырушылық, басқарушылық тәжірибе алу үшін жағдай жасау.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру, дамыту, ішкі байланысын ұйымдастыру;
Университетте студенттік өмірдің әртүрлі салаларына студент - жастардың белсене араласуына ықпал ету.
Университетте студенттік жастарға қатысты нормативтік құжаттарды әзірлеуге, қабылдауға және енгізуге қатысу.
Университет басшылығын студенттік өмірдің даму жағдайы туралы хабардар ету.
Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
| Студенттік Парламент ұйымының төрайымы, Инжиниринг және азық-түлік технологияларының институтының 2 курс студенті | Наурызбаева Сабина |
Instagram аккаунты:@Parlament_kazatzu
Сенат бөлімі
Жастар ісі жөнінде комитет ісін оңалту
Студенттермен ұйымшылдық орналастырып, қызмет енгізу
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру
Студенттер арасындағы ішкі істі, сыйластықты қарастыру
Университетте студенттік өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Студенттердің ұйымдастырушылық, басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Университеттегі студенттік өмірдің барлық салаларына студент жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Студенттік жастарға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге, талқылауға және қабылдауға қатысу.
Университет басшылығына студенттік өмірдің жай-күйі, өзекті мәселелері мен ұсыныстары туралы ақпарат беру.
Студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың пікірін университет басқару жүйесінде білдіру.
Студенттік ұйымдар мен құрылымдар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты үйлестіру.
Студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.
Академиялық адалдық, студенттік этика және университет құндылықтарын сақтау мен насихаттауға ықпал ету.
Әлеуметтік осал санаттағы студенттерді қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыруға қатысу.
Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, азаматтық белсенділік пен патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал ету.
| Студенттік Сенат төрайымы,Ауыл және Орман шаруашылығы институтының 2 курс студенті | Таскалиева Диана |
Университет Мәжілісінің қызметі:
Университеттің оқу, тәрбие, ғылыми және әкімшілік қызметіне қатысты маңызды мәселелерді қарау және талқылау.
Университеттің даму стратегиясын, жоспарларын және негізгі бағыттарын айқындауға қатысу.
Оқу процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және академиялық саясатты дамыту бойынша ұсыныстар енгізу.
Студенттер мен қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін қарау және оларды университет басшылығына ұсыну.
Университет құрылымдық бөлімшелерінің есептерін тыңдау және олардың қызметін бағалау.
| Студенттік Мәжіліс төрағасы,Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 1 курс студенті | Элибек Тамирлан |
«Көмек еріктілер» ұйымы – студенттердi әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отансүйгiштiкке, лидерлiк сапаларға, өзара қолдау мен түсінушілікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы жастардың өмір жолында, қоғамда өз орнын табуға және қайырымдылық жасауында себепші болады.
«Көмек еріктілер» ұйымының мақсаттары және міндеттері:
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттік жастары арасында әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек пен қолдауды дамыту.
Патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілетті, экологиялық, эстетикалық негіздерді қалыптастыру.
Рухани және физикалық тұрғыдан балалар мен қарттарға көмек көрсету.
Балалар мен қарттардың түрлі ауруларға қарсы күш-жігерін және өмірге деген қызығушылығын арттыру.
Еріктілер лигасы бұл-өз еркімен ақысыз қызмет көрсетіп, қоғамдық жұмысқа белсенді араласушы адам.. Мұндай қызмет түрлерінің аясы өте кең. Мысалы әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық, қайырымдылық секілді көптеген түрі бар.
| Көмек еріктілер ұйымының төрағасы , Жер ресурстары және сәулет институтының 1 курс студенті | Жарқынбаев Нұрмұхамед |
Instagram аккаунты:@kazatzu.komek
Студенттердің құқығын қорғау;
Студенттерді әлеуметтік жақтан қорғау;
Студенттердің рухани-мәдени дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, салауатты өмір салтын ұстана өмірсүруіне қолдау көрсету;
Студенттерге әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, олардың рухани-мәдени дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, білім алып, салауатты өмірсүруіне қолдау көрсету;
| «Парасат» студенттік кәсіподақ ұйымы,Ауыл және Орман шаруашылығы институтының 2 курс студенті | Лайық Әйгерім |
Instagram аккаунты:@kazatzu_parasat
«Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы - «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жастар рухы» ЖҚ) – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әртүрлі әлеуметтік топтардағы жас азаматтардың мүдделерін мемлекеттік өкілді және атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіретін ерікті ұйым.
Толық атауы: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жастар рухы» Жастар қанаты» ұйымы.
«Жастар рухы» ЖҚ-ның міндеттері:
Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, университеттің студенттерін жұмысқа орналастыруға көмектесу;
Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
«Аманат» партиясы мен «Жастар рухы» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жастар рухы» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
Жастар ұйымдарымен және басқа да елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау.
| «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы, Энергетикалық факультетінің 2 курс студенті | Какимова Жансая |
Instagram аккаунты:@jastar_ruhy_kazatzu
ҚАТУ студенттерінің Альянсы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студент жастардың интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыратын ұйым.
Толық атауы: «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің Альянсы» ұйымы. «ҚАТУ студенттерінің Альянсы» (әрі қарай – ҚСА).
ҚАТУ студенттерінің Альянсы қозғалысының басты мақсаты – студент жастардың бойында белсенділікті, салауатты өмір сүруді насихаттайтын, осы бағытта университеттік, қалалық, университетаралық іс-шараларды белсендіретін ұйым.
Жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да девианттық жүріс-тұрыстың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Ұйымның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты негізінде студент жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру;
Ұлттық спорттық ойындарға жастарды бейімдеу, насихаттау;
Студенттердің жан - жақты дамуы мен студенттік көзқарасты қалыптасыру;
Студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау.
Жастардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу.
| Студенттік Альянс төрайымы , Жер ресурстары және сәулет институтының 1 курс студенті | Канабек Аруна |
Instagram аккаунты:@qsa_kazatu
Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, студенттердің құқығын қорғау мақсатында жұмыс жасайтын ерекше ұйым болып табылады. Студенттердің теріс қылықтардан аулақ болуын, студенттер үйінде тәртіп бұзушылықтың орын алмауын және пайдалануға тыйым салынған қауіпті заттардың болмауын қамтамасыз ету барысында құқықтық тәртіп сақтау жасағы жұмыс жасайды.
Университеттің іс-шарасы кезінде КАТЗУ-дың ішкі тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
Іс- шара кезінде студенттердің тәртібін қадағалап, тыныштыққа шақыру
| «ҚазАТЗУ ұландары» ұйымының төрағасы , Инжиниринг және азық-түлік технологияларының институтының 2 курс студенті | Али Иманғали |
«Саналы ұрпақ» студенттік клубы – сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыратын, ЖОО –ның ішкі істерімен айналысатын орта. ЖОО басшылығының имиджін, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын ықтимал арандатулар мен өзге де әрекеттерден қорғай отырып, ЖОО басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру;
Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын арттыру;
Мақсаты:
- Сыбайлас жемқорлықтан азат орта қалыптастыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты білім беру арқылы жастарды тәрбиелеу.
- Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
| «Sanaly Urpaq» ұйымының төрағасы, Бизнес және цифрлық технологиялар институтының 2 курс студенті | Жүсіпов Алишер |
Instagram аккаунты:@sanaly.urpaq_kazatzu
Оқу тобында адаптациялық жұмысын ұйымдастыру, топта өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді шығармашылық өміріне біртіндеп тарту және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
|
Медиаторлар ұйымының төрағасы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 4-курс студенті |
Маркова Дарья |
Студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту.
Студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;
Студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау;
|
Ауыл және Орман шаруашылығы институты Instagram аккаунты:@agroforest_kazatzu |
Бектай Аяна | |
|
Жануарлар ғылымы және ветеринария институты Instagram аккаунты:@iviz_kazatzu |
Жеңісова Ұлжан | |
|
|
Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты Instagram аккаунты:@Kazatutеch |
Түсіпбаев Әлішер |
|
Жер ресурстары және сәулет институты Instagram аккаунты:@kazatzu_uzraid |
Зарылканова Алуа | |
|
Бизнес және цифрлық технологиялар институты Instagram аккаунты:@bc_kazatzu |
Уалиханұлы Шыңғысхан | |
|
Энергетикалық институты Instagram аккаунты:@kazatzu_energo |
Ахмет Гүлсезім |
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, дамыту.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру, ғылыми ізденудің әдістеріне бағыттау.
Студенттің жан-жақты дамуына, еңбекке, ізденуге, ғылымға деген құштарлығын дамыту.
Азаматтық көзқарасын, халқының тарихын құрметтеу сезімін қалыптастыру және шығармашылық тұрғыдан қалыптасуға көмек беру.
Студенттің қандай да бір білім саласындағы ынтасын арттыру, сонымен қатар, оның жалпы интеллектуалдық деңгейін одан әрі көтеру
| «Алтын белгі» иегерлері кауымдастығының төрайымы, Жер ресурстары және сәулет институтының 3 курс студенті | Умарова Ұлжан |
Instagram аккаунты:@kazatzu_ab
Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, саяси сауатты, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін қазақ тілді жастардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал ету мақсатында елімізде алғаш құрылған қазақ тіліндегі пікірсайыс клубы.
Қазіргі таңда клуб пікірсайыс форматтарын үйрету, клуб мүшелерінің тұлғалық қасиеттерін дамыту бағыттарында жұмыс жасап, қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатысуда.
| «Шырақ» интеллектуалды пікір-сайыс клубының төрағасы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 2-курс студенті | Ауелбеков Нұрмедет |
Логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
| «MANGILIK» дебат клубының төрайымы , Жер ресурстары және сәулет институтының 3 курс студенті | Мухамбетжанқызы Аружан |
Instagram аккаунты:@dc_mangilik
«KazATZU Media» клубы - С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылды. Өзінің азаматтық ұстанымы бар шығармашылық және белсенді студенттердің демократиялық клубы. Клуб - әділдік, үйлесімді қоғамдық қатынастар қағидаттарында өз факультетінің, университеттің дамуына мүдделі студенттер қауымдастығы.
Клубтың мақсаты:
Белсенді студент-блогерлерге университет әкімшілігімен қарым-қатынас орнатуына атсалысу;
Қызықты мәтіндерді жазу, фото жасау, композицияларды ойластыру;
Әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларды қолдау және іске асыру;
Әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық топтардың мүдделерін есепке алу, оларды көпшілікпен келісу және қызығушылықтарын таныту;
Ақпараттың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Әлеуметтік желілерде университет өмірімен бөлісу;
Әлеуметтік желілердегі студенттердің белсенділігін насихаттау;
Түрлі акциялар мен іс-шараларды іске асыру үшін коммуникациялық алаң құру.
| «KazATZU Media» клубының төрағасы, Энергетикалық институтының 3 курс студенті | Жаламан Сұңғат |
Instagram аккаунты:@kazatzu_media
Университетімізде қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыттағы заманға сай жастардың креативті ойларын бейнеролик арқылы дамыту;
2.2 Университеттегі жаңалықтарды насихаттау;
2.3 Студенттерге тәрбиелік мәні бар бейнероликтер түсіру;
| «SU YOUTUBE CHANNEL» клубының төрайымы, Ауыл және Орман шаруашылығы институтының 3 курс студенті | Досмуратова Қарақат |
Instagram аккаунты:@kazatzu.channel
Студенттердің қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін қалыптастыру.
Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
| Шебер қолөнершілер» клубының төрағасы, Бизнес және цифрлық технологиялар институтының 2 курс студенті | Әбілмәжін Әбдімәлік |
Instagram аккаунты: @club_sheber_kazatzu
Әдеп пен сыпайылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату;
Қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, Ұлттық мәдени және материалдық құндылықтарды құрметтеуге және өткен тарихымызды білуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру;
Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.
| «Қырмызы» кыздар клубының төрайымы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 2-курс студенті | Әмірхан Алтынай |
Instagram аккаунты:@qyrmyzy_kazatzu
«Arrow crew» заманауи би тобы - қазіргі заманғы би түрін студент жастар арасында насихаттау үшін құрылған клуб.
Топтың мақсаты:
Білім алушылар арасындағы достықты, ортақ құндылықтар мен мүдделерін нығайтуды қалыптастыру;
Студенттерді өзін - өзі басқару және оларды дамыту бойынша дағдыларын қалыптастыру;
Жастарды пайдалы – қоғамдық қызметке үйрету;
Жастар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға деген қызығушылығын дамыту үшін жағдай жасау;
Шығармашылық тұлғаның дамуына үлес қосу және ұжымдық бірлікті насихаттау.
| «Arrow crew» заманауи би тобының төрайымы, Жер ресурстары және сәулет институтының 2 курс студенті | Аширбек Анель |
Instagram аккаунты:@arrow.crew_kazatzu
Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілер насихаттайды. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы.
| «Имидж» кыздар ұйымының төрайымы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 2-курс студенті | Оңғар Гүлназ |
Instagram аккаунты:@kazatu_image
Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі.
| Имидж ұлдар ұйымының төрағасы, Энергетикалық институтының 3 курс студенті | Мақсат Батырбек |
Instagram аккаунты:@kazatu_image
Бұл – жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларға тез бейімдеу үшін шетелдік студенттерге жан-жақты қолдау көрсететін студенттер қатарындағы еріктілердің қоғамдық ұйымы.
Шетелдік студенттермен белсенді араласу және бағдарлау, қолдау көрсету;
|
«Unity» клубының төрайымы, Ауыл және Орман шаруашылығы институтының 3 курс студенті
|
Қадірбай Қарқара |
Жастарды қоршаған ортаны түрлі қоқыс-қалдықтардан тазалауға, жасыл экономиканы ұстануға, елді-мекендерді жасыл желектендіру жұмыстарына баулуға үйретеді
|
“Green growth” клубы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 2 курс студенті |
Темурхан Диас |
Instagram аккаунт@green_growth_kazatzu
«KazATZU киберспорт» қызметі халықаралық спорт қозғалысының бөлігі ретінде киберспортты дамытуға және танымал етуге бағытталған клуб.
| «Cyber KazATZU» клубының төрағасы, Жер ресурстары және сәулет институтының 1 курс студенті | Амангенлді Мейрамбек |
«POSITIVE» психологиялық клубы- жастарды психология саласында тәрбиелеу мақсатында құрылған. Қазіргі заманауи қоғамда психолог мамандығы өте маңызды, себебі барлық жастағы адамдар үшін сауатты психологиялық көмек қажет. Әр адам күнделікті өмірде психология базасында білім алса артық болмайды. Клубқа қатысушы студенттерді психологиялық үрдістерді дұрыс талдауға, күнделікті стресспен және өмірлік қиындықтармен күресуді, сондай-ақ алған білімін іс жүзінде қалай қолдану керектігін үйренеді.
Міндеттері:
Клубтың басқа мүшелерімен белсенді түрде қарым-қатынасқа түсу арқылы студенттердің психологиялық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Әртүрлі дереккөздерінен ақпараттардың сапалы немесе сапасыз екендігін қалай таңдау керектігін үйрету.
Өз өмірі мен басқа адамдардың, өзіндік позитивті құндылық сезімдерін жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Әділ қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын дамыту, сонымен қатар эмоционалды сөйлеу мәдениеті мен тұлғааралық қақтығыстардың алдын алу және шешу.
| «Positive» психологиялық клубының төрайымы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 1 курс студенті |
Әділхан Аяулым |
Студенттік кеңестің жоспарын құрастыру, сондай-ақ жатақхана жұмысының жылдық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
Жатақханада тұратын студенттерді жатақханадағы және университеттегі мәдени-жалпыламалық және басқа да іс-шараларға қатыстыру.
|
№8 жатақхана төрайымы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 3 курс студенті Instagram аккаунты:@kazatu.8 |
Орынбай Дильназ | |
|
№7 жатақхана төрайымы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 2 курс студенті Instagram аккаунты:@kazatu.7 |
Мұңлыбек Айзере | |
|
№6 жатақхана төрайымы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 4-курс студенті Instagram аккаунты:@kazatuu.6 |
Қайрат Нұрһаят | |
|
№5 жатақхана төрайымы, Ауыл және орман шаруашылығы институтының 2- курс студенті Instagram аккаунты:@Kazatzu5_ |
Ағабекова Азеля | |
|
№1А жатақхана төрайымы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 3-курс студенті Instagram аккаунты:@kazatu_1а |
Русланқызы Диана | |
|
№2А жатақхана төрағасы, Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының 2-курс студенті Instagram аккаунты:@kazatzu_2a |
Қабдығали Бейбарыс |
«Ақжелкен» студенттік театры 2008 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қарасты Бақытжан Тажиновтың жетекшілігімен құрылды. «Ақ желкен» студенттік театры университет қабырғасындағы көптеген іс-шараларға қатысып (Студенттік қатарға қабылдау, Жаңа жылдық мереке, 8-Наурыз, Екі жұлдыз, 9-мамыр мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі) көрермен көзайымы болуда.
Мақсаты: Театр сахна өнеріне қызығушылығы бар белсенді студенттерді сахна мәдениетіне, сахна тіліне үйрету.
Қойылымдары:
Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясы, Р. Ибраеваның «Махаббат пен кесапат» драмасы, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» комедиясы, Ғ.Ештанаевтың «Ақын мен Ажал» трагедиясы.
Ағылшын тілінде: «Poetand Death» трагедиясы, «ABU NASR AL–FARABІ» қойылымы.
|
«Ақжелкен» студенттік театры төрағасы, Энергетикалық институтының 2-курс студенті |
Асербаев Бекбосын |
Instagram аккаунты:@Aqjelken_theatre
«Шаттық» би ансамблі 2007 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Шамшиев Алмат Шердарұлының жетекшілік етуімен құрылған ең алғашқы би тобы. Репертуарында қазақтың халық билерінен бастап, көптеген ұлттардың билері бар.
Мақсаты:
ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру;
музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру;
биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру;
өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу;
би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру;
жастардың би әуендерін сезіну, түсіну, есте сақтау қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу;
жастардың дене бітімін шынықтырып, күшейту.
| «Шаттық» би ансамблі төрайымы, Жер ресурстары және сәулет институтының 3 курс студенті | Кузтаева Үміт |
Instagram аккаунты:@shattyq bi ansambli
Оркестрдің құрылу тарихы оқу орнының тарихымен байланысты.1959 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да домбырашылар ансамблі үйірмесі ашылып, жұмыс істей бастаған болатын. Сол жылы директор Г.Г.Духов басшылығымен Қарағанды қаласынан арнайы тапсырыспен Жиһаз фабрикасынан оркестрге арнап аспаптар сатып алынды.
Ансамбльдің алғашқы жетекшілері белгілі сазгерлер Сайлау Боранбаев пен Жұмағали Қыздарбеков болатын.
Мақсаты:
қазақ композиторларының шығармаларын және халық музыкасын жастардың арасында насихаттау;
студенттерді ұлттық өнерге және мәдениетке баулу;
шынайы қазақы өнер арқылы тәрбиелі де мәдениетті мамандар даярлау;
аспапта жақсы ойнайтын студенттерді іріктеу олармен тығыз жұмыс жасау;
университеттегі мәдени іс-шараларға қатысу, мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыруға белсене ат салысу;
аса талантты және дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін тәрбие жұмысында тиімді қолдану;
студенттік жастар арасында ұлттық аспаптық өнер жанрының кең насихатталуына мүмкіндік беретін шығармашылық тұрғыда дамыту, кеңейту;
мәдени және кәсіпқой орындаушылық деңгейін жетілдіру және дамыту;
студенттерді «Шабыт» ұлт-аспаптар үйірмесіне қызықтырып тарту.
| «Шабыт» ұлт-аспаптар оркестрінің төрағасы , Ауыл және Орман шаруашылығы институтының 4 курс студенті | Әмірхан Елдар |
Instagram аккаунты: @shabyt_kazatzu
Үйірме қатысушылары өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйренуде. Қазіргі таңда вокал үйірмесінде «НҰР» триосы, «Тамсан» қыздар «Жас қыран» жігіттер квартеттері құрылды.
Үйірменің мақсаты:
жастар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;
ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;
ән айту ережелерін үйрету;
музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру;
әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;
музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету;
музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну;
шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылықпен орындай білуге үйрету;
музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақ мәнерін түсініп, ажырата білу;
дауыстың табиғи таза шығуына, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту, екі дауыста орындауға үйрету;
студенттердің музыкалық білімін жетілдіру;
музыкалық сауаты, эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған, музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын ұрпақ тәрбиелеу.
| «Назқоңыр» вокал үйірмесінің төрағасы, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының 2-курс студенті | Үсембаев Ерсін |
Instagram аккаунты:vocal_kazatzuu
Мақсаты:
| «КТК» көңілді тапқырлар клубының төрағасы, Энергетикалық институтының 2 курс студенті | Сәндібек Мейрамбек |
Instagram аккаунты:@Seifullin_quramasy
«Достық» клубының мақсаты:
- студенттердің бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, ұлтаралық келісім мен азаматтық бірлікті нығайту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени әртүрлілігін сақтау және дамыту.
«Достық» клубының міндеттері:
-әр түрлі этностардың дарынды студент жастарын анықтау және қолдау, оларды университеттің мәдени-қоғамдық іс-шараларына тарту.
- студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу.
- студенттік өмір мен қоғамның өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын ұйымдастыру, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
- Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасын, тілдері мен дәстүрлерін сақтау және дамыту.
- студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
- студенттің жеке басының жан-жақты дамуына ықпал ету.
Клуб құрамы: 20 студент.
Клуб жетекшісі: философия кафедрасының аға оқытушысы, магистр Гаппасова А. Г.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 2024 жылдың 8 қазанынан бастап «Сарыарқа» студенттік танымдық клубы жұмыс істей бастады.
«Сарыарқа» клубы ерікті студенттік бірлестік болып табылады, оның мақсаты оқуды насихаттау, студенттердің сыни ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Клубтың қызметі оқу үдерісінен тыс жүзеге асырылады және пікірталас, ашық микрофон және дөңгелек үстел форматындағы тұрақты кездесулерді қамтиды.
Клубтың негізгі міндеттері:
- Әдеби шығармашылыққа қызығушылық танытатын талантты студенттерді анықтау және біріктіру.
- Клуб мүшелерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.
- Пікірталас қарым-қатынас және сыни талдау дағдыларын қалыптастыру.
- Қазіргі қазақ әдебиетін насихаттау.
Клуб отырыстарында талқыланады:
- Классиктер мен қазіргі авторлардың шығармалары.
- Қаржылық сауаттылық, денсаулық және отбасылық құндылықтар мәселелері.
- Клуб мүшелерінің өз әдеби шығармалары.
«Сарыарқа» клубы студенттерге зияткерлік даму, ой-өрісін кеңейту және пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау үшін бірегей мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта клубта 41 студент бар.
Клуб жетекшісі: философия ғылымдарының кандидаты Әбділдина Хорлан Сәдуақасқызы.
«Мирас» тарихи-танымдық клубы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ПОҚ және студенттерінен құрылған жеке тұлғалардың біріккен ұйымы. «Мирас» клубына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарында оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады. Клуб студенттердің арасында іс-шараларды, кездесулерді өткізе отырып, олардың бойында тарихи сананы қалыптастыру, өз ойын жеткізе алу, сөйлеу шеберлігін шыңдаумен айналысады.
«МИРАС» КЛУБЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
Студенттердің келешекте халыққа қызмет ететін тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ат салысу.
Студенттер арасында әртүрлі байқаулар өткізе отырып, олардың ғылыми әлеуетіне баға беру.
Студенттердің отансүйгіштікке баулу, тарихқа қызығушылықтарын арттыру.
Қоғамдағы студенттік өмірге қатысты болып жатқан өзекті мәселелерді талқылап, сараптап, пікір алмасып отыру.
Басқа оқу орындарындағы клубтармен байланыс орнату.
|
|
|
![]() |
Қазіргі таңда клубта 21 студент мүшелік етеді. «Мирас» тарихи-танымдық клубының жетекшісі Б.Б. Енсепов
«Сәкентану» клубының мақсаты мен міндеттері
Жас ұрпақты еліміздің тәуелсізідгі мен егемендігіміз үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары, поэзияларын оқып білуге баулу. Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Туған халқының тілі мен әдебиетіне деген танымдық қызығушылығын арттыруға мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту. Шығармашыл жастардың арасында берік әдеби байланыс орнату;
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын жаңаша көзқараспен қарастыру, оның қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау және жастарды әдебиетпен жақынырақ таныстыру.
Жастардың ой-өрісін дамытып, ел тұлғаларына құрметін арттырып, оларды сөз саптауы мен шешендік өнерге баулу.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Клубтын жетекшісі Мауленова А.М
«Демографиялық даму зертханасы» – бұл интеллектуалды ерікті студенттер қауымдастығы, онда қатысушылар отбасылық өмір этикасы мен жыныстық қатынас мәселелерінен бастап халық пен көші-қон мәселелеріне дейін демографиялық тақырыптардың кең ауқымы бойынша өз көзқарастарын талқылайды және дәлелдейді және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізеді.
Мақсаты:
- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау, студенттердің шығармашылық әлеуетін жандандыру;
«Демографиялық даму зертханасы» клубының міндеттері:
1. студенттердің интеллектуалды және көшбасшылық қабілеттерін кеңейту мүмкіндігі;
2. өзін-өзі басқару;
3. ЖОО қызметінің академиялық және академиялық емес нысандары арасындағы байланыстырушы буын болу;
4. студенттер мен басқа да жастар қоғамдық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық пен байланысты дамыту;
5. студенттердің неғұрлым бай, қызықты және алуан түрлі өмірін жолға қою;
6.студенттердің бастамалары мен идеяларын жан-жақты қолдау;
7. елде және әлемде жаңа достар мен пікірлестерді табу.
Клубтың жетекшілері : ассоциированный профессор Курманова С.Б., старший преподаватель Каскарбаева З.А.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2015 жылдың 19 қазаннан бастап Неміс тілі клубы өз жұмысын қайта бастады.
Неміс тілі клубының мақсаттары:
Неміс тілі клубының міндеттері:
|
|
|
Студенттерді «LOGO e.V», «DEULA- Nienburg», “Weihenstephan-Triesdorf” атты Халықаралық бағдарламалар бойынша Алмания елінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасап, университетте неміс тілін жеңіл және тез үйренуге ықпал жасау.
2015-2016 оқу жылынын қазан айында шетел тілдері кафедрасында оқудан тыс тіл даярлығын дамыту мақсатында неміс тілі клубы өз жұмысын қайта жандандырды. Аталған клуб неміс тілінде оқитын студенттер үшін тілдік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру үшін жұмыс жасайды.
Клуб отырыстарын кафедра оқытушылары мен неміс тілін жоғары деңгейде меңгерген студенттер жүргізеді.
Клуб мүшелері – С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, магистранттары және оқытушылары. Клуб отырыстарында пікірталастар, презентациялар және дебаттар өтеді. Клуб отырыстарының тақырыптары интерактивті ойын режимінде көркем және бейне фильмдер көрсету, дөнгелек үстел, шығармашылық кештер арқылы жүргізіледі.
Жыл бойы және апта сайын неміс тіліне қызығушылық білдірушілер мен Клуб мүшелері Гёте-Институт орталығының құрамында жұмыс істейтін ИНФО-ЛАБ -та неміс тілінде кино көрумен қатар, кітап тұсаукесер кештері , неміс өкілдерімен әртүрлі тақырыптар бойынша кештерге қатысалады.
|
|
|
"Неміс" Клуб жетекшісі: Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Р.Саматанова,Космаганбетова Г.К.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2009 жылдан бастап Француз тілі әуесқойларының клубы ашылды.
Француз тілі әуесқойларының клубының негізгі мақсаты – Қазақ агротехникалық университетінде француз тілі мен француз мәдениетін кеңінен тарату.
Француз тілі әуесқойларының клубының міндеттері:
Студенттердің Республикалық конференциялар мен жобаларға, халықаралық бағдарламалар мен ауылшаруашылық тағылымдарға қатысуына ықпал ету болып табылады.
|
|
|
2009 жылдың 19 наурызында «Француз тілі әуесқойлары» Клубының салтанатты ашылу кеші өтті. Бұл іс шараға Қазақстан мен Қырғызстандағы Француз елшісінің кеңесшісі Бернар Пакто мырза, Француз елшілігінің университетаралық ынтымақтастық Атташесі Клод Абитболь мырза, Астана қалсы Француз Альянсының оқытушы- әдіскерлері Орлеан Амиг пен Давид Мухаммад мырзалар қатысты. Француз тілі әуесқойлары Клубының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Астана қаласы Француз Альянсы ФӘК-ның серіктесі болып табылады. Клубтың жыл сайын өтетін іс-шараларына Француз Альянсы мен Қазақстандағы Франция Елшілігінің өкілдері қатысады.
Универсиетімізде француз тілі клубының ашылуы студенттерге француз тілін оқып қана қоймай, бай француз мәдениетімен жанасуға ықпал етеді.
|
|
|
Француз тілі әуесқойлары Клубының шеңберінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді: Француз Әндерінің кеші, Француз Киноларының кеші, Француз поэзиясының кештері, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған «Ma patrie est Kazakhstan» атты кеш; «Vive le français» кеші; «Күзгі кездесулер- Renconctres d’Automne», «Франкофония мерекесі - Fête de la Francophonie»; «Notre Dame de Paris» атты мюзиклді көріп талқылау, Пікірталастар, Байқаулар, өзекті мәселелер талқыға салынған Конференциялар мен Дөңгелек үстелдер; Францияның Анже қаласы Жоғары ауылшаруашылық мектебі өкілдерімен оn-line жүйесінде бірлесіп өткізілген «Анже ЖАМ білім алу» атты видеоконференция.
Іс-шаралар барысында студенттер өздерінің француз тілі мен мәдениеті аясындағы білімдерін толықтыра түсті. Бұл іс-шаралардың мақсаты студенттердің француз тілі мен мәдениетіне деген қызғушылығын арттыру болып табылады. Қазақ агротехникалық университеті студенттері жоғарыда аталған іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге белсене қатысты.
|
|
|
Француз тілі әуесқойлары Клубы – құрамына Агротехникалық университеттің француз тілінде сөйлейтін әрбір студенті мүше бола алатын университетішілік құрылым. Клуб отырысын Президент басқарады.
|
|
|
Клуб жетекшісі: ф.ғ.к., Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Тяжина Елена Балтабековна.
![]() |
«English speaking club» клубы - 2016 жылғы 1 қазаннан бастап С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ашылды. Клубтың басты мақсаты – студент жастар арасында ағылшын тілін дамыту және ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдысын меңгеруге жәрдем беру. Бұл клубтың мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы студенттерге тегін курстар өткізеді. |
Клубтың мақсаты:
| "English speaking club" жетекшісі Оралбек Е.,Әріпбай А.Ә |
|
|
|

Негізгі ережелер
Біздің университетіміздің гуманитарлықфакультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасында кұрылған «Литературная гостиная» клубы студенттердің әдеби - шығармашылық қабілеттерін дамытуға қызмет етеді.Бағдарламаның мазмұны шығармашылық қиял мен әдеби қабілетті дамытуға ықпал ететін құрылымдық элементтерді қамтиды. Шығармашылық қиял арқасында студенттер әртүрлі образдар мен идеяларды өмірге әкеле алады. Эстетикалық талғамы қалыптасқан, шығармашылық ой-қиялы жетілгенстудент өмірде болатын әртүрлі жағдайларды қиюластырып, оқиғаны ойдан құрап, қызықты шығарма жаза алады.
.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|
|
|
Клубтың мақсаты: Студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау, зерттеу және дамыту болып табылады.

Клуб жұмысының бағыттары:
«Литературная гостиная»клубының басшы: Кенжетаева Ж.Л
Негізгі мақсаты мен міндеті
Студенттердің интеллектуалды өсуі мен саяси өмірдің негізгі тенденцияларын түсінуі үшін жағдай жасау.
ҚазАТУ студенттерінің қоғамдық бастамасын дамыту, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.
Студенттік жастардың саяси мәдениетінің деңгейін арттыру;Әлеуметтік-гуманитарлық және тарихи білімді насихаттау;
Саяси ғылымдар саласындағы зерттеу жұмысына тарту мен бәсекеге қабілетті тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру;
Негізгі бағыты
Қоғамдық-саяси дамудың және студенттік өмірдің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар өткізу;
Қоғамдық ғылымдар саласындағы жетекші мамандар мен саяси қайраткерлерді шақыра отырып семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру;
ҚазАТУ студенттік ұйымын біріктірудің маңызды элементі ретінде факультетаралық байланыстарды дамыту.
![]() |
“Бірлік” клубының төрайымы – Экономикалық факультетінің 1 курс студенті Ахундова Аида Ибрагимовна
Тел: 8(707) 901-31-55 |
«Футбол лигасы» – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №7 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін жатақханааралық футбол ойыны командасы.
Мақсаты:
Лига ұйымдастырушысы: № 7 жатақханасының студенттік кеңесі.
Жатақхана студенттік кеңесінің төрайымы: техникалық факультетінің студенті Бірлікқызы Қарақат
Спорт секторы: Әліп Дәулет – техникалық факультетінің студенті.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Волейбол лигасы» – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №5 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар арасында өтетін жатақханааралық волейбол ойынының мақсаты:
Лига ұйымдастырушысы: №5 жатақханасының студенттік кеңесі.
Жатақхана студенттік кеңесінің төрайымы: агрономиялық факультетінің магистранты – Арсенова Адина .
Спорт секторлары:
• Асанхан Нұрасыл – ЖРБСжД факультетінің студенті;
|
|
|

«Баскетбол лигасы» – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №2a жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар арасында өтетін жатақханааралық баскетбол ойынының мақсаты:
Лига ұйымдастырушысы: № 2а жатақханасының студенттік кеңесі.
Жатақхана студенттік кеңесінің төрайымы: Энергетикалық факультетінің студенті Сәкен Әліби.
|
|
|
|
|
|
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №8 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар арасында өтетін жатақханааралық шахмат ойыны командасы.
Мақсаты:
|
|
|
Лига ұйымдастырушысы: №2А жатақханасының студенттік кеңесі.
Жатақхананың студенттік кеңесінің төрайымы: Кетебаева Анель- ОШЖТҚО факультетінің студенті.
Спорт секторлары:
Қабдығали Бейбарыс - ВжМШТ факультетінің студенті.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің № 6 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар арасында өтетін жатақханааралық тоғызқұмалақ ойыны командасы.
Мақсаты:
|
|
|
Лига ұйымдастырушысы: №6 жатақханасының студенттік кеңесі.
Жатақхананың студенттік кеңесінің төрағасы: Амангелді Дінмұхаммед - ВжМШТ факультетінің студенті.
Спорт секторлары:
Ескермесов Құрмет - ВжМШТ факультетінің студенті.
Алиханова Алтынай – ВжМШТ факультетінің студенті.
