Басты бет / Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетілді
Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетілді

2022 жылдың 13 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасыныың ұйымдастыруымен, «Qanat» еріктілер қозғалысы мен «Жақсылық жаса» еріктілер тобының бірігуімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жатақханасында тұрып жатқан шетелдік және  әлеуметтік санатқа жататын студенттерге азық-түлікпен көмек берілді. Оның ішінде 25 студентке  азық-түлік қоры  және 70 студентке ыстық тамақ таратылды. Студенттер көмек көрсеткен ұйымдарға өз ризашылықтарын білдірді.