Басты бет / Білім берудегі трендтер - бұл оның өзгеруінің үрдістері
Білім берудегі трендтер - бұл оның өзгеруінің үрдістері

13 қараша 2019 ж. «Экономика» кафедрасы экономика факультетінің ПОҚ мен кафедра меңгерушісінің қатысуымен «Білім берудегі жаңа трендтер» атты тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға академиялық мәселелер жөніндегі Департамент директордың орынбасары, э.ғ.к., доцент –Н.Н. Нұрмұхаметов, ҚОТ бөлімінің басшысы, т.ғ.к. – Г.Т. Бекманова шақырылды. Шақырылған мамандар ББ өңдеу, жобалау және онлайн курстарды әзірлеу саласында өз пікірлерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Оқыту сапасы дәстүрлі және кез келген инновациялық оқыту технологиясындағы білім беру үдерісі тиімділігінің анықтаушы өлшемі болып табылады.

Қазіргі заманғы білім беру трендтерінде білім беру мазмұнының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактілерді анықтау қажет. Біріншіден, университетте жаңа трендтерді жүзеге асыру жағдайында білім беру үрдісінің маңызды бағыттарының бірі ретінде білім беру бағдарламаларын жобалау; екіншіден – ББ жобалау тәсілдерінде сапалы қайта құру мақсатында ББ мазмұны мен құрылымын елеулі өзгертуді қарастыратын ББ ре-дизайны, үшіншіден – білім беру парадигмасының негізі болып табылатын оқытудың жаңа шарттары мен белсенді әдістемелерін жасау, төртіншіден – кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып ББ әзірлеу. Осының барлығы бітірушінің моделі мен оның құзыретін анықтайтын оқу сапасы мен оның нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік берер еді.

Семинарда бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламасын қалыптастыру мәселелерін талқылай отырып, тиімді нәтижелер алу үшін негізгі құрамдас бөлігі ретінде ЖОО-ның кадрлық әлеуетінің, материалдық-техникалық базасының маңыздылығын, ЖОО-ның академиялық саясатын атап өтті. Осыған байланысты оқыту нәтижесін дұрыс бағыттауда және қалыптастыруда жоғары оқу орындарының ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті өте маңызды.

Сонымен қатар, білім беру процессін цифрландыру құралы ретінде ашық онлайн-курстарға арналған дидактикалық материалдарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Г.Т. Бекманова – онлайн курстарды өңдеу бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің практикалық тәжірибесімен бөлісті, онлайн оқытудың озық әдісін қолдану мен енгізу бойынша аудиторияға заманауи ақпараттарды ұсынды.

Презентацияның оқу-әдістемелік материалы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен адами капиталды дамыту бағдарламасына енгізілген университетте электрондық оқытуды дамытуға мүмкіндік береді. Жаппай ашық онлайн курстар бұл мүдделі адамдар үшін білімге қол жеткізуін кеңейтеді.

Әлемдік білім беру жүйесінде жаппай ашық онлайн-курстар қашықтықтан оқытудың жаңа түрі болып табылады. Бұл виртуалды революцияның уақтылы нәтижесі, оның арқасында бос уақыт пен интернетке ашық қол жетімділікке ие әрбір адам білімнің кез келген саласындағы пәндерді оқып, емтихандарға дайындалу, қайта даярлау курстарынан өту және өз біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болады.