Басты бет / «Bir Tolqynda» диалогтық алаңына ҚАТЗУ студенттері қатысты
«Bir Tolqynda» диалогтық алаңына ҚАТЗУ студенттері қатысты

8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 6 наурыз күні «SANA» жаңа  ұрпақ орталығында  «АМАНАТ»  партиясының ұйымдастыруымен «Қыз бала денсаулығы -ұлт денсаулығы» тақырыбында  өткен  «Bir  Tolqynda» диалогтық алаңына  ҚАТЗУ    белсенді  студент қыздар  қатысты.

Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, білікті дәрігерлер, сала мамандары, отбасылық психологтар, жас қоғамдық пікір көсбасшылары өз ойларын білдірді.

Диалогта жастар еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастыру және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудағы  мәселелер көтеріліп,  ұсыныстарын  жеткізді, сұрақтарға  біржақты  жауптарын алды.