Басты бет / Университеттің Комплаенс-офицері Қайыржан Токушев факултеттер ұжымы мен студенттермен арнайы кездесулер ұйымдастыруда
Университеттің Комплаенс-офицері Қайыржан Токушев факултеттер ұжымы мен студенттермен арнайы кездесулер ұйымдастыруда

С.Сейфуллин университетінің Комплаенс-офицері  Қайыржан Ахметбекұлы Токушев әр факультеттің жеке құрамы мен және жалпы құрамымен арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Мұнда Қайыржан Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметің Ережелерімен таныстырып алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ұжыммен кездесу барысында сауалдарға жауап берді.   

Экономикалық, Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеттерінің  студенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу жағдайы туралы да кездесулер ұйымдастырып біршама кеңестер берді.  Алдын ала тәрбие жұмысына байланысты мониторинг жүргізілген болатын.

Мониторинг барсында аталған факультеттерде студенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу өз дәрежесінде еместігін көрсетті. Мысалы, Экономикалық және Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттерінде оқу-тәрбие жұмыстарын тіркеу журналдары толық толтырылмаған. Факультеттерде кураторлық тәрбие сағаттарына топтың барлық студенттерінің қатысуы қамтамасыз етілмеген.

Жекеленген студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу назардан тыс қалған. Топтық тәрбие жұмыстың да нәтижесі қанағаттандырмайды. Қоғамдық жұмысқа, түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысатын студенттердің саны да төмен болған. Студенттерді парасаттылық, адалдық, әділдік пен адамгершілік қағидаттарына  тәрбиелеу мен нашақорлыққа, құмар ойындарына қарсы тәрбиелеу жұмыстары жоқтың қасы. Көрнекті үгіт құралдары толық көлемде пайдаланылмайды.

Кураторлардың жұмыстары көпшілік жағдайда өз деңгейлеріне сай емес. Қарамағындағы студенттердің мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын, өмірге көзқарасы мен ұстанымдарына талдау жасалмайды. Топ кураторларының атқарылған тәрбие жұмыстары жоспарға сәйкес уақытылы орындалмайды және көп пайызы қағаз жүзінде орындалуымен шектеледі. Атқарылған шаралардың көпшілігі  университетің меншікті сайытында және әлеуметтік желілерде көрініс таппаған.

Себебсіз сабаққа қатыспайтын, академиялық үлгірімі төмен студенттерге дер кезінде шара қолданылмайды, соның салдарынан студенттер арасында тәртіптің осалдауына жол беріледі.

Тәрбие жұмысы кафедралар мен деканаттарда сирек қаралады.  Декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жеке штаттық бірлікпен бекітілмей, іс-жүзінде кафедралардың оқытушысы /75% тәрбие, 25% оқыту жұмысымен/ болып жұмыс істеуде.

Қорыта айтқанда, факультет декандары тарапынан студенттер арасында тәрбие жұмысы назардан тыс қалып, тиісті деңгейде жүргізілмеген.

Компьютерлік жүйелер  және кәсіптік білім беру факультетімен болған кездесулерде де жоғарыда айтылған мәселелер көтеріліп алдын алу туралы ақпараттар берілді.

Факультет оқытушылары, атап айтсақ кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. М.Д.Есекешова, жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Гриип, ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы ф-м.ғ.к. Е.Хуанбай және тағы басқалар сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова және факультет деканы  Е.С.Ибышев кездесуді қортындылап, бүгінгі көтерлілген тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Ал Техникалық факультетімен болған кездесуге жастар саясаты департаментінің бас менеджері Н.Б.Мамиев, факультет деканы Е.С.Ахметов және тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Е.Сәрсенқызы қатысып «Адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында пікір алмасты.  Кездесуде Қ.А.Токушев студенттерге қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлықтың әлі де белең алып тұрғаны жайында жалпы түсіндіріп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шараларды айтып берді.

Энергетикалық факультет ұжымымен болған кездесуде факультеттің студенттерімен кураторлық сағатта «Парасаттылық және әдеп – заман талабы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында комплаенс-офицер Қ.А.Токушев біршама түсіндіру жұмыстарын баяндап ұжымның қырағылығы болуын талап етті.  Жемқорлық бойынша слайдтар көрсетілді. Нашақорлық бойынша өткізілген іс-шарада, жастардың денсаулығына, өміріне қауіп қатері талқыланды. Құқық бұзушылық, қылмыстың алдын алу, есірткі, темекі, алькогол, синтетикалық заттарды қолданбауларын ескертті. Студенттердің сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.

Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінде де  «Парасаттылық» және «Академиялық адалдық» тақырыбында  баяндама жасалып, түсіндіру жұмысы өткізілді. Ауқымды кездесуге факультет ұжымы түгелдерлік қатысты. Сонымен бірге кездесуге екі жүзгден астам студенттермен топ кураторлары, факультет деканы қатысып ашық әңгіме диалог түрінде талқылаулармен студенттердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Кездесу соңы естелік суретке түсумен аяқталды.