Басты бет / №5 студенттік жатақхананың ер балаларына ішкі тәртіп ережесі түсіндірілді
№5 студенттік жатақхананың ер балаларына ішкі тәртіп ережесі түсіндірілді

2022 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова №5 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіп бойынша әңгіме жүргізді.

Білім алушылармен ашық диалог құра отырып, жатақхананың ішкі тәртібі, білім алушының мақсаты мен міндеттері талқыланды. Әр білім алушының болашағы үшін құқықтық жауапкершіліктің маңызы түсіндіріліп, студенттік өмірді өзара достықта, сыйластықта өткізуге, өзін өзі дамытуға қатысты кеңестер айтылды, өрт қауіпсіздігінің алдын алу ескертілді.  Сонымен қатар, студенттердің өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік бағытта орын алған мәселелер назарға алынды. Жалпы, жатақхана бойынша 135 студентпен алдын алу жұмысы жүргізілді.