Басты бет / №7 және №6 студенттік жатақханасында қыз балалармен кездесу өтті
№7 және №6 студенттік жатақханасында қыз балалармен кездесу өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  №7 және №6  студенттік  жатақханасында  тұрып жатқан қыздар қауымы   арасында жатақханада тұру ережерелері мен ішкі тәртіп ережелері бойынша, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Ташкенбаева Жұлдыз Мұқтарқызы және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент менеджері  Мухитден Қалдыгүл Нұриденқызы  кездесу өткізді. Кездесу барысында жалпы тәртіп,  құқық бұзушылық факторларының алдын алу, діни сауаттылық,  білім алуға деген мотивацияны арттыру сонымен қатар университтің материалдық құндылықтарын құрметтеу бағытында әңгіме жүргізілді.  Кездесу соңында қыздар қауымы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған жауап алды.