Басты бет / Қазан мемлекеттік аграрлық университетіне, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясына, Ресей кооперация университетіне сапар
Қазан мемлекеттік аграрлық университетіне, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясына, Ресей кооперация университетіне сапар

04.12-09.12.2023 ж. аралығында ЖТН AP19680251 "Қазіргі жағдайда Қазақстанның АӨК-де айналмалы экономиканы  дамыту проблемаларын талдау негізінде оның мүмкіндіктерін пайдалану моделін әзірлеу" жобасы жобасы шеңберінде э. ғ. к., профессор м. а. Нурмухаметов Нурбахыт Нурбопайұлының жетекшілігімен және орындаушылар "Экономика" кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к., қауымдастырылған профессоры Темирова Ақмарал Болатқызы, э. ғ. к., "Экономика" кафедрасы профессорының м. а. Мухамбетова Замира Сейдахметқызы, э. ғ. к., "Экономика" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кунафина Гүлжан Тоқтарғазықызы және  э. ғ. к., "Экономика" кафедрасының аға оқытушысы Юсупова Салтанат Абайқызы Қазан мемлекеттік аграрлық университетіне, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясына, Ресей кооперация университетіне сапармен барды.

Сапардың негізгі мақсаты өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау, агроөнеркәсіптік салада бірлескен жұмыстар жүргізу және дөңгелек экономика саласындағы нақты міндеттерді бірлесіп іске асыру болды.

Сапар барысында бірқатар жұмыс кездесулері мен келіссөздер жүргізілді:

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер негізінде Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін монография, ғылыми мақалалар дайындау, курстар мен семинарлар өткізу, магистрлік, PhD – докторлық диссертацияларды басқару туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар жоба бойынша іс-сапар бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтыды:

- Инновациялық технологияларды енгізу арқылы ресейлік және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуда аграршыларға білікті көмек көрсету үшін құрылған агроэкологиялық зерттеулер орталығына бару;

- Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, отандық агробизнесті дамыту және әлемдік қоғамдастыққа интеграциялау үшін ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және көбейту және ауылдық аумақтарды орнықты дамыту үшін құрылған "Агробиотехнопарк" ЖШҚ-ға бару;

- Экономика институтына, агробиотехнология және жерді пайдалану институтына бару, онда институттар қызметінің құрылымы мен негізгі бағыттары ұсынылды;

- Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының өкілдерімен кездесу, Академияның Ғылыми-білім беру және инновациялық қызметі, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының ғылыми-әдістемелік басшылығымен жұмыс істейтін ғылыми зертханалар мен ұйымдарға бару зерделенді;

- АӨК саласында қосымша білім беруге жәрдемдесуге бағытталған "Фермер мектебі" оқыту жобасын зерделеу, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының жоспарын ұйымдастыру және әзірлеу тәжірибесі алынды;

 

- "Айналмалы экономика: Татарстанның практикасы мен тәжірибесі және оны ҚР үшін бейімдеу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, университет оқытушылары мен Қазан қаласының Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен агроазық-түлік саясатын іске асырудың, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі әлеуметтік және экономикалық мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Қазан мемлекеттік аграрлық университеті мен С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ арасындағы одан әрі ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.