Басты бет / №8 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіп талқыланды
№8 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіп талқыланды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жастарды студенттік ортаға бейімдеу жұмысы ішкі тәртіпті, ҚазАТУ студентінің ар-намыс кодексін, этикет нормаларын түсіндіруден бастау алады.

Осы бағытта 2022 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова №8 студенттік жатақхананың ер балаларымен әңгіме жүргізді. Түсіндіру жұмысы барысында білім алушыларға ішкі тәртіпті сақтаудың маңызы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, құқықтық сауаттылыққа әрбір азаматтың мән беру керектігі, студенттің ең басты құжаты –Ар-намыс кодексі туралы, өзара түсінісу, достық қарым-қатынас қалыптастыру туралы айтылып өтті.  Студенттердің әлеуметтік сұрақтарына көңіл бөлінді. Жалпы, жатақхана бойынша 264 студентпен алдын алу жұмысы жүргізілді.