Басты бет / Волонтерлік
Волонтерлік
«Игі істер марафоны» республикалық ұлттық сыйлығының қорытындысы шығарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға үндеуін Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева оқыды. Соның ішінде: «Адамға қамқорлық жасау, мұқтаж жандарға қол ұшын беру – халқымызға тән қасиет. Сондықтан бұл жоба ерекше серпін алды». Президенттің айтуынша, індет бүкіл әлемге жайылып, халық арасында үрей тудырған кезеңде Қазақстан халқы бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

«Ең мейірімді университет» – «Ең мейірімді ЖОО» номинациясы бойынша С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ командасықатардан көрінді. Аталмыш номинацияға өтініш берген 200 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында 3-орынға ие болды. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жайнагүл Құсайыноваға лайықты марапатын табыс етті.

–Шараны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Бұл мейірімді жастарды тәрбиелеудің бірегей мүмкіндігі. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да волонтерлік дәстүрге қашанда басымдық беріледі, – деді Ж.Құсайынова.

Биылғы жылы сыйлық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Қайырымдылық марафонына 1200 үкіметтік емес және волонтерлік ұйым, 300-ден астам білім беру ұйымы, 360 ұжым және кәсіподақ ұйымы қатысты. Сыйлықты ұйымдастырушылардың айтуынша, ұжымдар мен коммерциялық ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсаған жалпы сомасы 6,2 миллиард теңгеден астам соманы құрады.

«Игі істер марафоны» 2018 жылы басталған.  Мұнда Елбасының бастамасымен қазақстандықтарды азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетуге шақырған болатын.

 

«Көмек» еріктілер ұйымының қайырымдық акциясы өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерінен құралған «Көмек» еріктілер ұйымы 2023 жылдың 7 қазаны күні Қарттар үйінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты акцияны ұйымдастырды. Еріктілер ұйымының белсенділері қарттар үйіне барып, концерттік бағдарламалар мен түрлі әлеуметтік көмек көрсетті.

Бұл акцияның мақсаты: қарияларға көмек қолын созып, қамқорлық жасап, көңіл-күйлерін көтеріп, құрмет көрсету болатын.

«Бала көңілдің гүлі-көздің нұры» - қамқорлық акциясы

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.        

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.

Осы ретте 2023 жылдың 19 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы балалар үйінде «Бала көңілдің гүлі-көздің нұры» тақырыбында   қайырымдылық акциясын  өткізді. Ұйым мүшелері балалраға көңілді кеш сыйлаумен қатар сыйлықтарында табыстады.      

Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» -деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік. Қайырымдылықтай асыл қасиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!

ҚАТЗУ еріктілері