Басты бет / Бітіруші курстарымен таныстыру кездесу
Бітіруші курстарымен таныстыру кездесу

Осы жылдың 16 қараша күні ҚР Қаржы мониторингі Агенттіктігінің орталық аппаратының мәжіліс залында кадр жұмысы департаментінің қызметкерлері «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ бітіруші курстарымен таныстыру кездесуін өткізді. Кадр жұмысы департаментінің басшысы Н.Қ. Адалиев студенттерге Агенттік қызметінің ерекшеліктері мен мемлекет басшысы алға қойған басым міндеттер туралы айтып берді. Сонымен қатар, түлектерге мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің жағымды жақтары мен артықшылықтары айтылды. Жұмысқа қабылдау тәртібі мен шарттары түсіндірілді.

Университет пен Агенттік арасындағы тұрақты серіктестік пен ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ бітіруші түлектерге табысты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында кейінгі өзара әрекеттестік туралы тиісті меморандум жасалды.

Кездесу нәтижесінде дуальды оқыту, тағылымдамадан өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және қаржылық сауаттылық бойынша лекциялық кездесулер аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Экономика кафедрасының меңгерушісі Темірова Ақмарал Болатқызы жиынды ұйымдастыруға көмектескен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Аталған шараны ұйымдастырушы экономика факультетінің «экономика» кафедрасы.