Басты бет / Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесу
Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Университетімізде Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысында санитариялық-гигиеналық нормалардың бұзылушылықтарын болдырмау және оның алдын алу бойынша кездесу өтті. 

Кездесуге Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері, университетте тамақтану бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлер, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлері, Инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету департаментінің қызметкерлері қатысты.

Астана қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімнің басшысы Жумагулова Айгуль Отановна қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Астана қ. Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Икласова Салтанат Социаловна тамақтан улануды және жіті ішек инфекцияларын қалай болдырмау туралы айтты.

Астана қ. Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкері Досымбекова Айжан Сакенқызы жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу нұсқаулықпен таныстырды.

Кездесуге шақырылған қонақтар барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Жалпы, кездесуде көтерілген мәселелер кәсіпкерлер үшін өзекті болды. Олар алған ақпараттарды практикалық қызметте қолдану керектігін атап өтті.

Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы қонақтарға кездесу өткізгені және маңызды талаптар туралы  түсіндіргені үшін алғысын білдірді.