Басты бет / «Аурулардың диагностикасы (көз, құлақ, мұрын аурулары» атты дәріс оқылды
«Аурулардың диагностикасы (көз, құлақ, мұрын аурулары» атты дәріс оқылды

15.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында Астана қ. №2 көп салалы аурухананың көз дәрігері Рамазанова Ботагөз Айтпайқызы, отолоринголог Рахметов Дайр Солтанұлы «Аурулардың диагностикасы (көз, құлақ, мұрын аурулары» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Іс-шара барысында Рамазанова Б.А. қазіргі әлемде адамдар өте үлкен көзге күш түсетінін бастан кешіретінін,көзге олармен күресу қиын болатынын және егер көзге тиісті көңіл бөлінбесе, уақыт өте келе көру қабілеті нашарлайтынын айтты. Көзге түсетін күшті азайтуға арналған ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді және ол ережелерді ұстана отырып, әр адам көздің сыртқы факторлардың агрессивті әсерінен сақтай алатыны жайлы баяндады. Бұл көздің көру қабілетін сақтауға және басқада аурулардың дамуына жол бермейтіні туралы ескертті.

Дәрісті одан әрі отолоринголог дәрігер Рахметов Д.С. «құлақ не үшін ауырады деген сауал баршамызды жиі мазалайды» деген сұрақпен бастады. Оның себебі әр түрлі болуы мүмкін. Есту мүшелерінің ауруларына бей-жай қарауға болмайтындығын ескере отырып, арнайы маманның, яғни  отолоринголог кеңесіне жүгіну қажет. Құлақты қалай тазалау керек? Мақталы таяқшаның зияны мен пайдасы, құлақ ауруларының түрлері, салдарлары мен белгілері және емі жөніндегі маңызды сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында дәрігерлер аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді.