Басты бет / «Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты кездесу өтті
«Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты кездесу өтті

06.03.2024 ж  «С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» Тәрбие-әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Қыз бал тәрбиесі - ұлт  тәрбиесі»  тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға қоғам белсендісі, этнолог, тарихшы, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Шәкен Тұрар Сәттарқызы және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын-аудармашы, журналист, тележүргізуші  Жанар Айлаш қатысты.
Кездесудің мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан жақты ұлттық қасиеттерін айта отырып, қазақ халқының әдет ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерге көңіл бөлу.
Кездесуде білім алушылар өздерін қызықтырған көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.